Эзотерикалық ілімнің түбінде Ібіліс отырады | Санжар Керімбай |

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 апр 2025

Комментарии • 2 тыс.

  • @janar_baisemiz
    @janar_baisemiz  13 дней назад +5

    📍Рухани, ағартушылық, ізгілік бағытындағы жобамды қолдағыңыз келсе ДОНАТ(ақшалай сый) жіберуіңізге болады. Сіз жіберген донат келесі подкасттарды түсіруге жұмсалады.
    КАСПИЙ 4400 4302 0943 8677
    +707 464 46 43
    Каспий Жанар К.
    Халық банк 4003 0351 8607 9856
    📍Өтініш! Каспийге жолдағанда ДОНАТ сөзін жазуды ұмытпаңыз♥️

  • @muratbekKonratbaev
    @muratbekKonratbaev 2 месяца назад +76

    Бұл азаматқа бүкілхалықтық және Үкімет тарапынан үлкен қолдау керек! Қаржылай да, моральдық түрде де! Ол өз қара басының қамы үшін шырылдап жүрген жоқ! Ел үшін, жер үшін, тіл мен дін үшін, мәдениет пен ғылымның өркендеуі үшін! Қазақтың қазақ болып қалуы үшін! Қазақтың баласы ертең әдепсіз, білімсіз, мәдениетсіз, надан, қуыскеуде құбыжық болып кетпесін деп шырылдап жүр! Оян, маубас қазақ! Көзіңді аш!

  • @СерикЗакирбаев
    @СерикЗакирбаев Месяц назад +23

    Осындай мықты жігіттер барда, біз ешқашан жойылмаймыз.

  • @Ibrayeva011
    @Ibrayeva011 2 месяца назад +305

    Дейді біреу Санжар деген кім еді,
    Дедім оған, есті қазақ біледі.
    Бауырым-ау ұзын сөздің қысқасы,
    Кеудесінде жолбарыстың жүрегі 👍🏼
    Өзім Қызылорданың қызымын, кәзір Астана қаласында тұрамын. Бір ішім ашитыны, бұл жақта көкірегі ояу, қазақи, сөздің төркінін түсінетін адамдар өте аз! Өзім тұрмысқа әлі шықпасамда, бірақ осы Санжар ағаның қиссаларын жаттап алғанмын, ертең мыңнан бір туар текті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында. Осы Санжар ағанын подкастарын тыңдаған сайын жаным рахат алады, осындай ауқымды тақырыптарды қозғап, қазақ халқының, ұлтымыздың рухын оятып жатқанына дән ризамын! Осындай халқына, жұртына, еліне қызмет ететін, саналы ұрпақтарымыз көбейсін! Сол себепті тарам тарам жолдарда, тарыдай шашылмай өлшеулі өмірде сыйласып өтейік!

    • @SamatJanabayev
      @SamatJanabayev 2 месяца назад +39

      Ассалаумағалейкүм, Армысың,бармысың? Құдай ау, о заманда бұ заман осындайда қыздар бармекен? Коментті өлтіріпсің ангіме жоқ. Шын мәнінде ішкі дүниең қандай екен? Мағанда өзі қара шаңыраққа ие бола алатын, асыл енесінің бар білгенін түйіп алатұғын өмірлік жар керек. Құдай берем десе бірақ сәт. Сол сәттің осы келген тұсыма? Қалай болғаны өзі. Мынау подкаст зор зор деген демім басылмай отканы осы еді, осындай коментке ілігіп кетіп таң қалғаным арты құдайға шүкіршілікпен ұлғайдығой.

    • @Ibrayeva011
      @Ibrayeva011 2 месяца назад +25

      @@SamatJanabayev Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
      Тірлік - күрес. Жеткізе ме мұратың?
      Сол тірлікте керек екен бір адам,
      Жүрегіңді жақынырақ ұғатын...☺️

    • @AssasinAssuria-bv3zn
      @AssasinAssuria-bv3zn 2 месяца назад +12

      Дұрыс ! Қызылорда Қазақтың қайнаған жері ғой ! Менің нағашыларымның Атамекені , Атажұрты !

    • @Ibrayeva011
      @Ibrayeva011 2 месяца назад +17

      @@AssasinAssuria-bv3znАллаға шүкір деймін, Қызылордада туып өсіп, тектілікті бойыма сіңіріп тәрбие көргеніме. Бірақ, бір кем дүние деген нәрсе бар екен…..Тарылған көшелері тас қаладан, тарыдай бір мейірім таппағанда, Қызылордаңды сағынады екенсің..

    • @БектұрғанРыспанбетов
      @БектұрғанРыспанбетов 2 месяца назад +12

      Санжар бауырым жарайсың саған
      Алла жар болсын

  • @АйжанКосай
    @АйжанКосай 4 дня назад +2

    Міне рухани байлық деген осы, осындай білімді кісілер көп болсын сонда саналы ұрпақ көбееді!

  • @Malike.cosmetolog
    @Malike.cosmetolog 24 дня назад +2

    Керемет 👍👍👍

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  23 дня назад

      Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏

  • @АкеркеКомекова
    @АкеркеКомекова 29 дней назад +13

    Жанар ханым каналыңызға тек осындай айтары бар,берері бар,рухани бай адамдарды шақырыңызшы.Әншілердің өмір баяны жайлы подкаст былайда өте көп.Жастарға үлгі болар өте қуатты адамдарды күтеміз!Өте керемет, рахмеет ұжымға.

  • @erend8075
    @erend8075 2 месяца назад +373

    Аралдың суы тартылғанмен бірдей - қоғамымыз да рухани қатты шөлдеп тұр . Санжар ағамыз шөлдеген бақшасын суаруға асыққан дихан сияқты . Құдай қуат берсін сізге !!

    • @klara_6707
      @klara_6707 2 месяца назад +1

      @erend8075 рас

    • @gbc6243
      @gbc6243 2 месяца назад +7

      Керемет сұхбат ьолды!
      Көптен Санжар бауырымды көрмей жүр едім,Жанар Сіңілім Осы кездестіуді тамаша ұйымдастырдыңыз,Алла Разы болсын,Рахмет,Рахмет,Рахмет!❤❤❤

    • @АйжанСаймагамбетова
      @АйжанСаймагамбетова 2 месяца назад +10

      Санжардан сұхбат алушылардың ішіндегі ең озығы болды . Жанардың сұрақтары подкастың әдемі өтуіне әсер етті . Ақиқатын Алла біледі , сонда да айтарым , Санжардың өмір сүру үлгісімен керемет жетістікке жетеміз . Алла қаласа халқымыз шынайы Жаңа Қазақстанның кереметіне қол жеткіземіз деп сенемін ❤❤❤

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  2 месяца назад +3

      @@АйжанСаймагамбетоваКөп рахмет🙏

    • @Zhazira.ibrayeva
      @Zhazira.ibrayeva 2 месяца назад +3

      👍👍👍👍100%

  • @Hdjnagkdndkc
    @Hdjnagkdndkc 28 дней назад +13

    Ия Санжар мырзаны елі халқы қолдасын. Әрбір қазақ тыңдасын оқысын осындай көзді сананы ашатын білім беретін қазақи тәрбие беретін құдайдың берген сыйын сезіне білейік.

  • @user-w-q-s
    @user-w-q-s Месяц назад +5

    Ютуб тола әнші блогерлердің Дубайдағы өмірлері туралы подкасттардан кейін мынандай подкасттар бір таза ауа екен.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  Месяц назад

      Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤

  • @ГульмираАмановна
    @ГульмираАмановна 2 месяца назад +135

    70 жыл орыстың,30 жыл Назарбаевтың халыққа жасаған қиянатынан кейін қорқатын едім,қазақта болашақ жоқ шығар деп,шүкір Санжардай бауырымыздың ағартушылық майданына кіріскеніне,бұдан кейінгі жастарға үміт пайда болды.Еңбегі жемісті болып,болашақта Санжарды оқып,ізіне ермейтін қазақ қалмасын

  • @Baha-w8o
    @Baha-w8o Месяц назад +31

    Санжар Керімбаймен бетпе-бет кездескен емеспін бірақта Санжардың оқыған медресесінде менде оқыдым яғни Ара зікір Жария зікір Құпия зікір бәрінде меңгеріп шықтым, Санжар Керімбайдың дін және біз Қазақрадиосында айтқан бүкіл уағыздарын тыңдап шыққанмын өте керемет 👍🏼 Яссауи медресесі 2010 шы жылы жабылып қалған яғни медресені жабуға бүкіл дін дұшпандары кірісіп ат салысты енді осы медресе қайтадан ашылар болса қаншама Қазақтың көздері ашылар еді, қазіргі ислам діні өте әлсіз қауқарсыз себебі қазіргі исламда Яссауи жоқ, ал Яссауисыз алынған ілім ол соқыр сенім, менің арманым алдағы уақытта Бауыржан Момышұлы атамыз жайында кітап шықса және де Санжардың дін және біз Қазақрадиосында айтқан бұрынғы уағыздардың жалғасы болса екен яғни бұрынғы айтқан тоқтап қалған уағыздарды заманауи түрде аудио түрінде шығарса екен

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  Месяц назад +1

      Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет!

    • @Амир-я2д5и
      @Амир-я2д5и 28 дней назад +1

      Яссауи ілімін мен бала кезде алған едім көкірек көзін ашатын ілім

  • @canera_dulugu1109
    @canera_dulugu1109 2 месяца назад +224

    Міне, екі кәсіби маман бас қосқанда, подкаст жоғары деңгейде өтеді! Таза қазақ тілінде тыңдаған рақат қой❤

  • @АйгулТлеумаханова
    @АйгулТлеумаханова 2 месяца назад +169

    Мен қорқушы едім.Біздің қазақ жұрты әлсіз ,көрінгеннің тепкісінде кетема деп,бірақ мына Санжар азаматты көп уакыттан бері оқып,естіп жүріп арқамды кеңге салдым.Қазақтың бір ұшы көрінгендей болды деп.Жасасын біздің кеменгер білімді Азаматтарымыз және көп болсын дегім келед

    • @БалгабайАбилхаимов-э2ю
      @БалгабайАбилхаимов-э2ю 2 месяца назад +1

      Жарайсың бауырым

    • @orazkulauezova-sh8jc
      @orazkulauezova-sh8jc Месяц назад +2

      Айналайын Санжар інім осындай ілім біліміңмен қазақ халқының көкрек көзін ашып нәр бергеніңе өте қуаныштымын .құлағымның құрышы қанып тыңдадым, сұқпат күшті өтті

    • @nuriknurlan8053
      @nuriknurlan8053 Месяц назад

      🙏🙏🙏100% қосыламын

    • @Құралай-з7л
      @Құралай-з7л Месяц назад +2

      Мен де Санжар Керімбайды тыңдағалы бері болашаққа деген қорқыныш басылды Алдағы Қазақстанымыздың өмірі жақсы болатынына сендім

  • @venerasmailova
    @venerasmailova Месяц назад +4

    Керемет. Уәж. Қазақ болғың келсе мынаны тыңдасаң жөн болады. Анау имам, ұстаз дегендердің сандырағын тыңдамайсың. Санжар нағыз қазақтың батыры.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  Месяц назад

      Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤

  • @АзаматКопес
    @АзаматКопес Месяц назад +25

    Қалдарыңыз қалай Қазағым? Ораза қабыл болсын! Жанар ханым бұл сұхбаттарыңыз әр жұма мен үшін уағыз болды! Мағауин атамыз, Айнұр әпкеміз бар Санжар ағамыз тағы басқалары бар барлық сұхбаттан іздеген сұрақтарыма жауап алып отырмын! Сіздердің әңгімелеріңізден бір бөлек жол ашылған сияқты елден ерекше жол! Не деген қазағымды оятатаын сұхбаттар! Барлығымыз Жұмақ, тозақ, сақал, намаз демей Алланың дидарын көруді армандайық! Керемет! Кітап каспи магазинде бар екен 4800 тг.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  Месяц назад +1

      Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет🙏

    • @Saulezhan-d5b
      @Saulezhan-d5b 20 дней назад +1

      Қазаққа осындай рухты жігттер керек .

  • @BalzhanMirzakulova
    @BalzhanMirzakulova 2 месяца назад +107

    Кітап жазуды бизнеске айналдырмай пейілдеріне қанағат берген ағартушылық жолда жүрген Санжар мен Отбасы хрестоматия ұжымына Алла дүниелік істерін реттеп қойсын

    • @SayassatovaKalamkas
      @SayassatovaKalamkas 2 месяца назад +2

      Ол жаман дүние емес қой. Интеллектуалды жұмыс сәйкесінше бағаланғаны да дұрыс қой, әсіресе, материалдық жағынан. Оқыған адамдар өз жұмысын монетизация жасай алғаны қуантарлық емес пе?
      Әйтпесе қазір оқымай -ақ бай болып кетудің тренді белең алып кетті ғой. Тек өнер адамдары ғана, бизнеспен айналысатындар ғана бай болуы керек пе? Интеллектуалды жұмыспен айналысатындар да көтерілу керек қой. Оқыған адамдардың еңбегі дұрыс бағаланбағасын оқудың маңызы да жастар үшін төмендеа бара жатыр. Жеңіл дүниелерге ғана Тартылады.

    • @Diannn661
      @Diannn661 2 месяца назад

      Меніңше скучный кітапты 100баладан 5 бала ашып окыр. Жаща бермей, оны дурыс жеткызуды колга алу керек бул кысыге. Сонда ашып окиды. Жаны ашыганына кайтейын оны жаза берып, дурыс жеткызуды колга алу керек. Быкшкентай балада кабылдау улкендыкындей емес.

  • @Нұрила-с4л
    @Нұрила-с4л Месяц назад +17

    Санжар халқымыздың қуыскеудесіне рухани имани азық беріп иманын оятып қазағыңды жақсылықа жетуге Алла нәсіп етсін

  • @zhasmatematik
    @zhasmatematik 10 дней назад +1

    Рахмет

  • @zhanibekzhuztayev1185
    @zhanibekzhuztayev1185 17 дней назад +2

    Өте керемет сұхбат, әңгіме болды, осы дүниедегі көптеген қиындық туындататын сұрақ, ой, түсініктерді ашып, нақтырақ жауап алдым, Санжар Керімбай мен Омар Жалелдің сұхбаттарын, әңгімелерін қызығушылықпен көремін, сізге үлкен рақмет 🎉🎉🎉

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  16 дней назад

      Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏

  • @NazerkeKadirzhan
    @NazerkeKadirzhan 2 месяца назад +63

    Не деген сөз саптау, не деген тіл байлық😍

  • @ГуСа-е1т
    @ГуСа-е1т Месяц назад +12

    Санжар мырза, халқым деп соққан жүрегіңіздің лүпіліне Алла риза болсын! Қаныш және майданыңызды оқып шықтым. Мен Павлодарданмын. Қаныш орталықтан көрген қиянатты мен орыстан көрдім. Сіздің кітабыңызда Қаныш олардан тек қолдау көрген. Қиянат ұлт таңдамайтынды көргендеймін. Балаларыма конкурспег оқытып жатырмын. Рахмет.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  Месяц назад +1

      Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет!

  • @ChingizAbdulov
    @ChingizAbdulov 2 месяца назад +50

    Мына кісі өте білімді адам . Бұл подкастың маған үлкен септігі тиді. Тарихи тұлғаларды, дін, философия ілімдерін көп айтып жатыр. Әңгімесінен қарап тыңдай бергің келеді. Бұл кісі ұлы істерді атқарып , Өзі білген көрген нәрселермен бөлісіп отыр . Неткен ғажап

  • @НабиМирза
    @НабиМирза 29 дней назад +2

    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН САНЖАР ІНІМІЗГЕ . ДӘЛ ҚӘЗІР МЫНА НАШАРБАЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА ЕСІКТІ АЙҚАРА АШЫП ҚОЙЫП ҚАЗАҚ ХАЛҚЫМА ӨМІРІ ТҮСІНЕ КІРМЕГЕН ӘР ТҮРЛІ АҒЫМДАРДЫ КІРГІЗІП , ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ЕСЕҢГІРЕТІП ҚОЙҒАНЫ АЙДАН АНЫҚ . МЫНАУ АТА БАБАМЫЗДЫҢ ТУРА ЖОЛЫМЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН ХАЛҚЫМЫЗДЫ , #ЕВРОПАНЫҢ# АНГЛИЯ , АМЕРИКА , КАНАДАНЫҢ , ИСРАИЛДІҢ МҰСЫЛМАН ХАЛҚЫНА ҚАРСЫ ӘР ТҮРЛІ ҮГІТТЕРІМЕ ПАСЫҚ ІС ӘРЕКЕТТЕРІН , ӨЗІМІЗДІҢ ӘҢГІМЕГЕ ЕРГІШ КӨРСЕ ҚЫЗБА ЕСЕРСОҚ АТЕИСТЕРІ , АНАУ КАФИРЛЕРДЕН , АТЕИСТЕРДЕН БЕТЕР САЯСАТТАРЫН ӨРШІТІП ОТЫР . ДІНДАРЛАР --- ҒЫЛЫММЕН ТЕХНИКАДАН , ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯДАН ҚАЛЫП БАРА ЖАТЫР ДЕГЕНДІ ЖЕЛЕУ ЕТІП , ДЕЙ ТҰРА ОСЫ #АГИТАТОРЛАР# АЗҒЫРЫП ЖОЛДАН ТАЦДЫРУДАН БАСҚА ЕШТЕҢЕ ІСТЕП ЖАТҚАН ЖОҚ , ДІНГЕ ҚАРСЫ ЕКЕН , НАМАЗ ОҚЫМАЙДЫ ЕКЕН , ҚОЛЫ БОС , ЕШКІМ #АТЕИСТЕРДІ# ЗОРЛАП , МӘЖІБҮРЛЕП ДІНГЕ КІРГІЗІП ,НАМАЗ ОҚЫТЫП ЖАТҚАН ЖОҚ . ОНЫ ОСЫ ЕСЕК БАС АҚЫМАҚ АТЕИСТЕР НЕГЕ ЕЛІМІЗГЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ,ТЗАВОД ФАБРИКАЛАР , РАКЕТА , АТОМНЫ БОМБА 😮😮,САМОЛЁТ , КОМПЬЮТЕР , РОБОТ , РАК , СУСАМЫР АУРУЫНЫҢ ЕМІН ТАППАСА . НЕГЕ ОЛАР АТА БАБАМЫЗДЫҢ , ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (с.а.у) ШАРИҒАТЫН БҰРМАЛАП ХАЛЫҚТЫ АДАСТЫРЫП ОТЫР😮😮😢😢

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  29 дней назад

      Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет!

  • @Zhazira.ibrayeva
    @Zhazira.ibrayeva 2 месяца назад +32

    Зиялы деп осындай адамды айту керек.

  • @BekBek-z7z
    @BekBek-z7z Месяц назад +12

    Шіркін Санжар сияқты болса бүкіл қазақ онда жұмақ Қазақстанда деп жан жақтан елімізге Қазақ Қазақ деп бірақ қанша қараңғыға итермелеседе жарықты бізге сездіріп үлес қосып жүр Алла жарылқасын жігіт қой кітап өзім сатып алам сөреден мен үшін ең мықты ғалым ұстаз Осы

  • @ГулнурОспанова-ч7н
    @ГулнурОспанова-ч7н Месяц назад +8

    Кишкентай кезде Санжар аға жургизетин алтын сақа бағдарламасын қызығып кутип отырып коретинбиз. Оратор шеберлигине танкалалып карайтынмын

  • @ainurmedimanova8384
    @ainurmedimanova8384 Месяц назад +20

    Әдемі әңгіме! Құнды дүние айтылып жатыр!

  • @МадинаЗейнелева-м9е
    @МадинаЗейнелева-м9е 21 день назад +1

    Ассалам алейкум Ардақты жараңдар Жанар Байсемізқызы мен Санжар Керменбаев Ағамыздан Алла разы болсын қоғамға өте пайдалы сұхбат болды Алла тағала сіздердей ұлтшыл жанашыр ақ пейілді мұсылмандардан Разы болсын Істеріңізге Алла береке жеңілдік Бақыт берсін әмин Алла ұлық.❤

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  20 дней назад

      Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏

  • @АлтынайКожахметова-д4п
    @АлтынайКожахметова-д4п 2 месяца назад +65

    Ұрпағыңызбен мың жасаңыз Санжар ағайым 🤲

  • @АяулымМекежанова
    @АяулымМекежанова 2 месяца назад +52

    Алланы терең таныған адам екен білім мен иманы қоса сіңірген.тыңдай бергін келеді

  • @muratbekKonratbaev
    @muratbekKonratbaev 2 месяца назад +35

    Жанар қарындасым! Көп рахмет! Осы Санжардай көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды сұхбатқа шақырып, насихаттай берші, айналайын! Бұл халықтың келешегі үшін керек нәрсе!

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  2 месяца назад +1

      Жылы лебізіңізге көп рахмет❤

    • @РозаМахетова
      @РозаМахетова Месяц назад +2

      Санжар ағадай адамдар көп болса қоғамға пайдасы зор ықпалы тиер еді

  • @bekarysmustakov1672
    @bekarysmustakov1672 2 месяца назад +75

    Дархан Әбдік шақырыңызшы! Келісетіндер болса лайк басып қолдайық!

  • @АйкынЖайлаубай-е4щ
    @АйкынЖайлаубай-е4щ 25 дней назад +1

    Керемет сұқпат тыңдап отырып өзімнің адам екенімді білсемде, адамсекілді өмір сұріп жатпағандай болдым.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  23 дня назад

      Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏

  • @aknazym
    @aknazym 22 дня назад +3

    Алла дәрежесін көтеріп қойған адамды еш пенде түсіре алмайтыны рас. Топты жарып шығып, қазаққа құнды дүниелерді төгіп жүрген Санжарға мың да бір рахмет! Осындай азаматтардың арқасында қазағымның асыл дүниесі өшпейді екен.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  20 дней назад

      Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏

  • @AkbayevaGulzhan
    @AkbayevaGulzhan 2 месяца назад +33

    Қазіргі бастауыш сыныптардың Ана тілі, Қазақ тілі, Әдебиет кітаптарының құрылымына түпкілікті өзгеріс енгізіп қайта шығару керек.Кітаптар қазақтың салт дәстүрі мен мәдени құндылықтарына толтырылса ғана кітап боп саналары анық.

  • @СейдахметЧукенбаев
    @СейдахметЧукенбаев Месяц назад +17

    Адам болар кісінің, кісіменен ісі бар. Адам болмас кісінің, кісіменен не ісі бар депті Абай хәкім. Құдай қолдап, халқыңның көкейінен шыға бер!

  • @БатимаУтельбаева
    @БатимаУтельбаева Месяц назад +10

    Жанар қызым,Санжар мырза рақымет тамаша шөллдеген халқымызға кітаптар ыңызды алдым, Алла бұйыртсын жазыңыз қалғанын аламын мың рақымет.

  • @Фариза-и3с
    @Фариза-и3с 2 месяца назад +6

    Сәлемктсізбе Жанар ханым, Санжар мырза. Менің жүрегімнің түбінде балаларды қисса үйретумен, кітапқа баулумен айналысқым келедіі деген бір арман тұрғандай. Ұрпақтарды пайдалы ілім-біліммен сусындатуға бір көмегімді тигізгім келеді. Алматыда 500 кв жертөле аумағымыз бар еді. Сол жерден осы бағытта оқытатын оқу орталығын ашқым келеді. Қолымнан келер келмесін білмеймін. Өзімде қуыс кеуде сияқтымын. Алланың бұйырғаны болып жатса сіздерден бағыт бағдар шабыт ала алсам қандай жақсы еді.

  • @AliyaMueller-g6u
    @AliyaMueller-g6u 13 дней назад +1

    Керемет әңгіме

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  13 дней назад +1

      Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏

  • @АйнурАбешова-к1р
    @АйнурАбешова-к1р Месяц назад +4

    Мен алдым осы кітапты , Қаныш Сәтбаев Мәдени майданды, ... Өмірдің өзі майдан , майданға шықпай ,қуыстанып отырсаң , қу түлкіге айналасың , шынайы сұхбат болды... Санжар Мырза нағыз білімді азамат, сол білімді қазақ халқына тиянақты, нақты нақты бағыт беріп отыр , ғылымға ұмтылуға бағыт бағдар беріп жүр, дамимын , деген азаматқа...

  • @oryngulbissimova2309
    @oryngulbissimova2309 2 месяца назад +93

    Санжар Мәдени майдан бастады, Қазақ Елінде Сең қозғалды деп есептеймін .

  • @guljazim
    @guljazim 2 месяца назад +81

    Нағыз профессионалды деңгейдегі подкаст. "Сөйлеушіні шешен қылған, тыңдаушының ықыласы" демекші, Жанар ханымның ықыласы, сөзін бөлмеуі тамаша. Санжар ағамыз осы ғасырдың ғұламасы!

  • @superman4721
    @superman4721 Месяц назад +9

    Санжар ағамыз білімді адамғо. Алла разы болсын. Ағартушы.

  • @aikerimtn
    @aikerimtn 24 дня назад +2

    Подкастқа Рахмет!
    Санжар аға менің ойымның жілігін шағып берді, түсіне білген адамға өмірді сүрудің мәнін қалай болу керек екен керемет жеткізді. Қәзіргі таңдағы актуалды ата ененің тізгінді жастарға бермеуі, ақ өлімге дайындалмауы екен, мәңгі өмір сүретіндей жүруі өкінішті.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  23 дня назад

      Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏

  • @СаулегулАбеуова-ю6я
    @СаулегулАбеуова-ю6я Месяц назад +4

    Сандар Керімбайдың әр подкастын тыңдап рухани шөлдеп жүрген жандар жан азығын алып,әйтеуір кері кетіп қалған қоғамның ішінде бір жарық сәле беретін,бір тамшы су бергендей керемет бір қуаныш үміт журекке ұялап бала,немереміздің болашағы оңалар деген үміт пайда болды,енді кітабын алып немерелерге оқыту бізге міндет деп ойлаймын,Жанар Сізге де мың алғыс,қоғам жанашырларының Аллаһ істеріне береке,болашағын,екі дүниесін рахатқа бөлесін🤲🤲🤲👍👏✊🇰🇿❤️

  • @НазымӘсетбекқызы
    @НазымӘсетбекқызы 2 месяца назад +71

    Мен өзім мектепте мұғаліммін. Оқушыларыма Санжар ағаның кітаптарын оқуды ұсынамын. Подкасттарын көріңдер деп насихаттаймын. Ағаның сұхбаттарын тыңдағанның өзінде керемет әсерде боласың. ХXI ғасырдағы қараңғы қазақ көгіне күн болып жарқырап келген жансыз, Санжар аға. Жасай беріңіз! Халыққа береріңіз мол болсын!

    • @БагдадНурманов
      @БагдадНурманов 2 месяца назад +1

      Ісіңізге береке берсін

    • @НазымӘсетбекқызы
      @НазымӘсетбекқызы 2 месяца назад +1

      @БагдадНурманов рақмет!

    • @gurali6116
      @gurali6116 2 месяца назад +1

      Мұғалімге ондай зат жасауға болмайды!Пәніңізді оқытып жүре беріңіз!

    • @БагдадНурманов
      @БагдадНурманов 2 месяца назад

      @@gurali6116ең дұрысы жаман жаққа итермелеп жатқан жоқ , баяғыда мектепте айғайлар болған ұрлыққа үйрететін так что бұл оның қасында әзгі іс

    • @НазымӘсетбекқызы
      @НазымӘсетбекқызы 2 месяца назад

      @@gurali6116 оқулықта іліп алар дүние жоқ. Сіз ашып көріңіз

  • @assemgulk4874
    @assemgulk4874 2 месяца назад +54

    Бұл подкасттың өзі түсінген адамға нағыз трансформация. Осы құндылықтарды енді университеттігі мәдениеттану мамандығына енгізсек, мектеп бағдарламасына енгізсек нұр үстіне нұр болады!

  • @KB-ew6re
    @KB-ew6re 2 месяца назад +51

    Сұқбат керемет болды, мен бұл Санжар Керімбай ағаны танымайды екенмін. Сіздің сұқбатыңыз арқылы таныдым. Нағыз ағартушы, дана әрі дара ғұлама кісі екен. Әрбір сөзінен ғибрат алып, жүрегімдегі иманым күшейіп, қуыс кеудем толықсығандай сезімде болдым. Енді алдағы уақытта кітаптарын алып оқып, одан әрі сауатымды ашуға бет бұрамын бұйыртса. Жанат Бақыттан кейін нақ осы кісіден сұқбат алғаныңыз бекер емес деп ойлаймын. Себебі иманы әлсіз жастарымыз ол кісінің сөзіне иланып, түзу жолдан тайып кету қаупі бар еді. Бұл кісі бір сөзбенен “эзотерикалық ілімнің артында ібілістің бар екендігін” нақты кесіп айтқаннан кейін, адасу жолынан кері қайтып, ширктен жанын аман алып қалды десем әбес болмас. Логотерапия деп айтып жаттыңыздар, одан да мүлдем хабарым жоқ екен. Енді осы кісінің инстаграмына жазылып, әрмен қарай үздіксіз дамуға мені өте қатты шабыттандырды. Қазір декретте отырған анамын, көп уақытымды сәбиіме жұмсаймын. Шынымен де деградацияға ұшырағанымды осындай подкасттарды көргеннен кейін ұғып, іштей қатты қынжыламын. Әттеген-ай, жастық шағыма оралсам, бір минутымды да заяға кетірмей, ілім-ғылымға бет бұрып, көзімнің майын ағызып, өзіміздің әдеби ғұламаларымыздың барлық кітаптарын пістедей шағып, жүрегімді зікірменен тазартып, хақ дініміздің сызып қойған шариғат шеңберінен аттамай, ақ өлімге жетелейтін абзал іске ат басын бұрушы едім ғой. Жаза берсем жыр болар, сөзімнің қою нүктесі, барлығымызға әмпәй-жәмпәйді жинастырып, жаппай сауат ашып, тоқырау ғасыры деген дерттен айығуымыз қажет ағайын!

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  2 месяца назад

      Көп рахмет!!! Каналыма жазылып алыңыз❤

    • @СанимайЖетписбай
      @СанимайЖетписбай 2 месяца назад

      Қош келдіңіз логотерапия әлеміне. Декретте отырсаңыз тіптен керемет! Менды былтыр декретте отырып танысып едім. Сіз үшін қуаныштымын

    • @МөлдірМусагулова
      @МөлдірМусагулова 2 месяца назад

      Жарайсыз өте дұрыс шешім жасапсыз👏🏻👏🏻👏🏻сізге сәттілік

    • @abilkassymyessentayev8964
      @abilkassymyessentayev8964 2 месяца назад +2

      Санжар ағаны бала кезде "Алтын сақа" бағдарламасынан көрген едім. Қазір менің жасым 37 ге келеді екен. Былтырдан бастап кітаптын шетін мүжуді әдетке айналдырдым. Енді қазақ тарихына қатты қызығушылық артып елдің мұражайын аралау деген қызығушылығым қатты артып жүр. Елдің болашағы үшін жүрген азаматтарға алғыс! Еңбектеріңіздің жемісін берсін!!

  • @Tolkyn_Omirbaeva
    @Tolkyn_Omirbaeva Месяц назад +2

    Керемет мықты шешен адаммен әңгімелесудің өзі бір ғанибет қой?! Әңгіме арқылы көп нәрсені біліп қана қоймай, рухани демалып қаласың👍
    Рухани багажды дамытатын әңгімелер көп болсын!

  • @ЕралиБейбіт
    @ЕралиБейбіт 2 месяца назад +80

    Санжар ағамыздай шын жанашырлар елімізде көп бола берсін! Әр отбасы бір Санжар ағадай бала тәрбиелеп өсірсе, өз тіліміздің қайта туғаны! Білім ғылымның, ұлттық құндылықтың дамыған кезеңі болар еді! Болашаққа сенім арта түсер еді. Күш қуатыңыз арта берсін Санжар аға! Қараңғы заманда сәуле шашып жүргеніңізге мың алғыс!

  • @ЖанарДаниярова-ч9ф
    @ЖанарДаниярова-ч9ф 2 месяца назад +55

    Ісін таразылап,дәлелдеп алдына мақсат қоятын,көзі ашық пенде болуымыз үшін төңкеріс жасап жатқан істеріңе береке берсін👍

  • @Ажар-ц1ю2е
    @Ажар-ц1ю2е 2 месяца назад +64

    Санжар балам еңбегің жансын. Естір құлақ болсын. Рухани құндылықтарыңа оқырман қауым шөлін бассын

  • @АйжарыкСерикбай-я8р
    @АйжарыкСерикбай-я8р 2 месяца назад +33

    Сәкең ағам - ай, жүректі қозғайсыз ғой. Отбасы хрестоматиясы ұжымындағы ағайлармен бір заманда өмір сүріп жатқаныма бек қуанамын.
    Осы ағалардың еңбектерін оқып ес - жинап, етек жеңімізді түгендедік. Ендігі қандай кітап шығар екен деп тілеуін тілеп тақымымды қысып отырамын. Ағалар қайда жүрсе де аман болсын❤

  • @МухтарСеилханов-щ9н
    @МухтарСеилханов-щ9н Месяц назад +7

    Санжар бауырымыз айтқандай,біз қазақ болып туылғанымызға,қазақи тәлім тәрбие алғанымызға, аруақтарыннан айналайын ата-бабаларымыздың бойымызға сіңірген қазақи болмысымызға сансыз шүкірлік етемін,тағдырдың тауқыметімен көп ұлттың арасынан шет елде түрмесінен жақында шығып,сол жерде қазақ болып туылғаныма қатты қуандым.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  Месяц назад

      Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤

  • @bibizadabibizada9974
    @bibizadabibizada9974 Месяц назад +4

    Ой, бұ кісіні тыңдай бергің келеді ғой! Тыңдап, тыңдап, бойыңа жігер бітіп, құлшынып, бірдеңе істегің келіп, шіркін, айналамызда ылғи білімі, түсінігі осындай адамдар көп болса ғой деп армандап кетесің ғой.
    Әлгі млн тойдың тойбастарына, қыз жасауына, көрпелердің арасына, чемоданның бетіне, киітке, сыйлықтарға, шапан, көйлек-жаулық орнына осы кітаптарды салса ғой біздің қазақ! Санжар айтып отырғандай, ол да әрекет болар еді деп ойлаймын.
    Санжарға Құдай ұзақ ғұмырды нәсіп етсін, еңбегінің жемісі мол болсын!

    • @ШынарБидайшинова-ъ7и
      @ШынарБидайшинова-ъ7и Месяц назад

      МашАллаһ ұзаақ ғұмыр берсін Санжар ағамыздың еңбегін Аллаһым моол сауаптардан жазсын

  • @БагилаМолдаханова
    @БагилаМолдаханова 2 месяца назад +41

    Санжарды бұрынғы өткен, ағартушы болған Ыбырай Алтынсарин аталармен салыстырамын. Ағартушылық еңбегі зор, өте білімді адам.

    • @aizh.1990
      @aizh.1990 2 месяца назад

      Санжар Керімбайды шақырып бізді бір қуанттыңыз! Бұл кісінің әрбір сөзі тұнып тұрған білім. Подкаст деген дүниеде көп жағдайда халықтың көзін ашып көңілін оятуда. Кітап оқымай, телефонға үңіліп бара жатқан мына біздердің бетімізді бері қаратуда. Шынында басқа бір ағымға жетелегіш мына заманда, осындай ойлы сөздерімен, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін сөзбен де, іс пен де дәлелдеуде. Екі ұлыма орысша кітап алып жүрген мен, 180 градусқа бағытты бұрып, Отбасындағы 30 сабақ атты кітабы дәптерімен, сосын Л.Толстойдың қазақша нұсқасын алып бердім. Осындай шығарылымдардың көп болуына , көкіректі оятуға себепкер болған сізге де мың алғыс! ❤

  • @ЖанатЕргалиева-в1п
    @ЖанатЕргалиева-в1п 2 месяца назад +29

    Санжар Керімбай,қазіргі заманның шамшырағы
    Отбасында ер адамның өз міндетін атқаруда үлгі аларлық тұлға.

  • @zarafshan83
    @zarafshan83 2 месяца назад +32

    Санжан ағай менің өмірге деген көз қарасымды 180 градусқа өзгертіп жберді, алла шүкір осындай ілімге қолым жеткеніне!

  • @GulzhainaYusupova
    @GulzhainaYusupova Месяц назад +2

    С.Керімбай - керемет маркетолог. Мынаны оқымасаң өмірің зая кеткені деп, қызықтырып тастайды. Ынталанып, кітапты оқуға ынтаң кетеді. Кеудемізге сәуле түсіріп тұр.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  Месяц назад

      Жылы лебізіңізге көп рахмет❤

  • @Акошадебекова
    @Акошадебекова Месяц назад +3

    Санжардың құнды сөздерімен жазылған "Махаббаттың мәні" деген туындысын бір деммен оқып шықтым. Махаббатты жан жақты талдауы тамаша

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  Месяц назад

      Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤

  • @jekijumakanov4253
    @jekijumakanov4253 2 месяца назад +38

    Сәкеңмен 96-97 ші жылдары Қарасу медресесінде бірге болғанмын. Сол кезде аратор еді әңгімесі қызық. Ол отырған жерде бәріміз топ болып жиналып қалатынбыз әңгімесін тыңдап. Одан кейін дін және біз деп радио алдына да жинады. Пандемия кезінде инстаграмға жинады, тікелей эфирін кореяда жүріп үзбей тыңдадым жарым түнде. Кейін әртүрлі сұхбаттарын жібермей тыңдап көріп жүрмін. Кітап тұсаукесерлерінде жолығып амандасып жүрмін. Жақсы, білімді, қарапайым, нағыз заманауи сопы

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  2 месяца назад +1

      👍

    • @КарлыгашИбрагимова-в1в
      @КарлыгашИбрагимова-в1в 2 месяца назад +3

      Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адамзат болашағына өмірін арнап еңбек етіп үнемі ізденіс сапарларда жүрген Санжар балама Алладан рақым пайғамбардан шапағат тілеймін халқынан саналарын ашатын кітаптарды пайдаланып болашағымыз жастардың ой шамын жағып өмірін өзгертетін болмысына әсер ететін сарапталған сүзгіден өткен кітаптарды оқып ой санасына жетіуін тілеймін Алла жар болсын

    • @Бекболат-у1м
      @Бекболат-у1м 2 месяца назад

      Санжардың қазақ қоғамына беріп жатқан еңбегі ұшан теңіз маған қара орыстардың қазақи табиғи неше сан мыңжылдық үрдістің мыңға алмағайып заманды бастан өткізіп жатқан кезімізде таза сап алтын ұлттық тәрбиенің бүкіл әлемді жарқын болашақта мойындалып жатқаны көңілге аса зор мақтаныш сезімін силайды демек қазағымның ештен кеш жақсы дегендей мемлекеттік қазақ мектептеріне салт дәстүр әдет ғұрыптың тәрбиенің бүкіл адамзатқа арналған ортақ құбылыс болып еніп әлем халықтарыңа бірегей эталондық тәрбие құралы ретінде танылуына
      Жаратушымыз осы ғасыр елімнің алтын ғасыры атанып қазақ мәдениеті өнері салт дәстүрі шартарапқа тарап тіліміз алдыңғы үш тілдің екіншісі дәрежесін иемденіп мәңгілік ел қалпыңда стандартта өмір сүрейік!!!!!!!!!

  • @ЕржанМырзаханов-т6й
    @ЕржанМырзаханов-т6й 2 месяца назад +55

    Подкаст ұнағанда қандай ұнады өте керемет өтті! Орысы Америкасы қайсысы болсын. Мынадай подкасттан садаға кетсін! Қазағым жасасын!!!...

    • @АйсулуБайзакова-х6р
      @АйсулуБайзакова-х6р 2 месяца назад

      Санжаржан не деген казах тили естимешен создер,мине тап таза казах тили,казах тилин дамыту керек гой,керемет барлык жагынан хабары бар,Алладан берилген билимди дамытып,илимди азамат.Алланын сиы арбир пендеге бериледи Соны он жагына жумсасак.

  • @АйжанСмаилова-в4з
    @АйжанСмаилова-в4з 2 месяца назад +6

    Подкастты таңғы 10000 қадамымды жасап жүріп тыңдадым. Негізі Жанар сіздің подкасттыңызды тыңдап жүремін. Менің балаларыма барған жерден кітап аламын. Бала тәрбиесіне бей жай қарай алмайтын ана ретінде Санжар Керімбайды қызығып қарап, кітаптарын алып бастадым. Қызыммен Экософияны оқып жүрміз. Келешекте ай сайын барлық кітаптарын аламын. Өзім Қ. Сәтпаевтың қаласында 4 баламды босанған адаммын. Сол Сәтпаевтың атымен аталған қалада туылып балам ол кісі жайлы білмесе мақұлық болғанымыз деп ой түйдім. Мен Санжар ағаның қуыскеуде болмаңдар дегені маған қатты батады. Аллам разы болсын сіздерге.

  • @Meru57
    @Meru57 26 дней назад +2

    мына аға картопты жарат екен бір жағынан 😂😂😂 “Пайғамбарлар жүрегім тиыш тапты үйімде бүйтіп отырам деп отырмайт” дейді 😂 34:38 😅

  • @КуляшБисалиева
    @КуляшБисалиева 2 месяца назад +11

    'Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам" деп, сонау 20ғ. басында Сұлтанмахмұт айтса, 21ғ. басында Санжар Керімбай айтуға толық құқылы. Қазіргі қазақ оқу-білімнен қараңғы болмаса да, рухани қараңғы екенімізді мойындауымыз керек.

  • @AlmazNAN
    @AlmazNAN 2 месяца назад +7

    Мен үшін осы панкасттың Бриллиант моменті 47:45 минутында
    Амбиция: Мен қай құндылықты сіңіріп үйреніп жатсам да
    Мен тек өзім үшін
    Біреуді түзеу үшін емес, біреуге бірдеңе дәлелдеу үшін емес
    Тек қана өзімді дамыту үшін...деген Санжар Керімбай ағамыздың айтқан жері жүрегіме майдай жақты
    🎉🎉🎉
    Әр қазақтың жүрегінің түбінде осы АМБИЦИЯ тұрса әлемге жақсы атымыз шығады

  • @БейбітжанТұяқбаев
    @БейбітжанТұяқбаев 2 месяца назад +13

    Діни эгоизм тұралы өте дұрыс айтты. Өэім ғана тазамын, ниетім таза, намазым бар, Алланың бұйрығын орындаймын. Қалғандарында не шаруам бар, әркім өзі жауапты деп, інде отырып, туысыңа, көршіңе қол үшін созып, жүр менімен, тұра жолда болайық деп күресу ол ерлік. Және де ол Аллаға жағымды. Эгоизм ол тәкаппарлық, тәкаппар адам Аллаға жақпайды

  • @SairaAitasova
    @SairaAitasova 2 месяца назад +39

    Түсті жүрегімізге. Рақмет. Ойландыратын, көзді ашатын керемет подкаст болды. Халыққа берерлеріңіз көп болсын🙏😘😘😘

  • @sarqtbeknur-5926
    @sarqtbeknur-5926 14 дней назад +2

    Қазақ халқына Санжардың жолымен жүретін он азамат әр саладан майданға шықса Қазақ әлемдегі ұлы халық болмақ.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  13 дней назад

      Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏

  • @АльФараби-о6ц
    @АльФараби-о6ц 2 месяца назад +3

    Ассаламуалейкум қайырлы күн, кітаптарды ұтып алғандар барма, әлде бізге бұйырама екен😊

  • @АсемОспанова-ф9ц
    @АсемОспанова-ф9ц Месяц назад +13

    Қаныш ғылыми майдан кітабын алып, 30 мин үзілісте оқып бастадым. Бір беттік кітапты осы подкастты көріп отырып заказ бердім. Баланың барлығының қабілеті бірдей емес. Сабақ оқы, сабақ оқы дегеннен, ең бірінші жеке тұлға, саналы балалар шығарсам деген ой. Санжар ағай 26 бала санасын өзгертуге ат салысып жатырмын, 26 бала 26 рулы елдің баласы. 26 рулы ел ары қарай таратса жақсы жетістік болады деген үміттемін.

    • @СамалЖуманбаева
      @СамалЖуманбаева Месяц назад +1

      Неткен Адал адам едіңіз😢сіздей адамдар көп болсын

    • @ШынарБидайшинова-ъ7и
      @ШынарБидайшинова-ъ7и Месяц назад +1

      Аллаһым сіздің ниетіңізге балаларыңыздың шетінен ғылым мен мәдениет қуған елімізді рухани ғылыми дамытатын тұлғалар шықсын! Ұстаздық бұл ұлы іс💚🤲🏼

  • @МейіржанНұралы-б6ф
    @МейіржанНұралы-б6ф Месяц назад +9

    Алла амандығын берсін ағамызға. Қазаққа керек кісі

  • @АккумисТоршатаева
    @АккумисТоршатаева 2 месяца назад +6

    Сексенінші жылдардың аяғы ма әлде тоқсанның басында ма бір республикалық газетте суретімен бір бетті түгел алған Санжардың мақаласы шыққан (қиып алған сол бет менде сақтаулы). Сол кезде елді елең еткізген тақырыбы жас Санжар мен бүгінгі аға Санжардың өзгерместен келе жатқан тақырыбы... Тыңдаған, оқыған сайын осындай азаматпен бір заманда өмір сүріп, тірілей өз құлағыммен естіп, өз көзіммен көріп, кездесулерге қатысып жүргеніме шүкіршілік етемін.Алла "таңғажайып тағдырын" ұзағырақ қылғай...

  • @КунымжамалКуркуреева-з9ъ

    Өте керемет эфир болды. Менде сол ана жерден бір оқып, мына жерден бір оқып жүрмін. Миым ашып кетті. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін білмей қалдым. Енді жасым жарты ғасырдан асқанда ненің басынан ұстауды білмей отырмын. Қызымды қуыс кеуде етіп өсіргім келмейді. Енді сол қызыма әр жерден оқығанымды айтып, анадан, мынадан шалып отырып айтып отырам, бірақ өзімнің айтып отырғаныма өзімнің көңілім толмайды. Қызымала неден бастауды үйрете алмай отырмын. Сол туралы эфир болса. Рахмет!

  • @ХалимаСмайлова
    @ХалимаСмайлова 3 дня назад

    Керемет жарайсыз ел үшін нағыз қазақ!

  • @Zhanna_umbetova
    @Zhanna_umbetova 2 месяца назад +41

    Қазағым ның азаматтары керемет қой, Санжар Ағай енбегініз биіктен көріне берсін.

  • @ЕрғалиЗейдалиев
    @ЕрғалиЗейдалиев 2 месяца назад +10

    Міне,ағайын мына Санжар мәдениет министрі болу керек....біздің депутаттар қайда қарап отыр......

    • @ЖанеркеШуакбай
      @ЖанеркеШуакбай 2 месяца назад

      Ол бармайды ғой онда, оның миссиясы кабинетте отырып өкімге қол қою емес

  • @НазымТельманова
    @НазымТельманова 2 месяца назад +21

    Санжар ағамыздың әр сөзі саф алтын, әр сұхбаты үлкен рухани құндылық. Керемет сұхбат. Құдай тағала разы болсын, қуатты болыңыз❤

  • @Indira-bb5py
    @Indira-bb5py 2 месяца назад +2

    Құлақтың құрышын қандырар сұхбат болды. Казір екінің бірі подкаст түсіреді, басын тындап бастағаннан, ұяласың гой. Сөз байлықтары таяз, түсіре салған әншейін.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  2 месяца назад +1

      Жылы лебізіңізге көп рахмет❤

  • @МағызамМажен
    @МағызамМажен 27 дней назад +1

    Сәттілік, Санжар Керімбай қазақтың таңдаулы жігіті Телебйденядан көрінбей кнткнг еді, қош келдің өшкен жоғалтқан тәрійх тіл дәстүр ге? жанашыр бол.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  27 дней назад

      Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏

  • @Zhanbota.Amanbaeva
    @Zhanbota.Amanbaeva 2 месяца назад +5

    Мен бейсен және болмысты оқыдым. Содан бері уақытымды барынша тиімді өткізбекке тырысып жүрмін.
    Біздің мектептегі оқулықтарды осы кісіге сүзгіден өткізуге жіберсе ғой. Оқулықтарды ашсаңыз бала түгіл ересектер түсінбейдіғой.

  • @АринЕржалын
    @АринЕржалын 2 месяца назад +76

    Осы кісінің жазған кітаптарының барлығын алғымыз келіп отыр, бұл кісінің ғұмырлы денінің сау болуын тілейміз 💪

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  2 месяца назад +3

      instagram.com/otbasyhrestomatiasy?igsh=MTVveGcxdzBuYnV6dQ==
      Осы парақшадан алсаңыз болады.

  • @БауыржанБайжан-ж4б
    @БауыржанБайжан-ж4б 2 месяца назад +38

    Бисен және болмыс. Өзбекәлі және мәдени майдан. Қаныш және ғылыми майданды әр. Қазақ баласы оқуы керек

  • @Baydaulet_20185
    @Baydaulet_20185 2 месяца назад +3

    Санжар Керімбайды білемін .жақсы өтті деп есептеймін әңгіме кездесу .Өте қарапайым жалпақ тілмен жақсы түсіндірді .Адам баласы әрқашан өз эмоциясына ие болу керек шығар .

  • @ТлеуханЕрбалин-ш5и
    @ТлеуханЕрбалин-ш5и 8 дней назад

    Руханый байып қалдым біздің елімізде осындайжақсы адам барлығына ерекше қуандым Жанар сізге көп рахмет .

  • @mirakhalykova9939
    @mirakhalykova9939 2 месяца назад +12

    Біздің ауылдың кітапзанасында (БҚО) Санжар Керімбайдың кітаптары бар👍👍👍

  • @ҚұралСейітханұлы
    @ҚұралСейітханұлы 2 месяца назад +21

    Көптеген жігіттер діни уағыз тыңдап, өзге идеологияны пір тұтып, бұзылып кетті. Соларға осы сұхбатты тыңдату керек.

  • @БағдатБекет
    @БағдатБекет 2 месяца назад +48

    Көптен күтіп жүр едім, қазақ қоғамын ағартатын бір қазақ қашан туады екен деп. Шүкір Санжар бауырымызға.

  • @РазияБайтуганова
    @РазияБайтуганова 19 дней назад +4

    Қазақы тәрбиенің бастауы әр отбасында айтылатын Бәленшенің баласы көргенсіз екен деген сөзді естіртуші болма! - деген қарапайым қағида болатын еді.Бұл сөз әсіресе қызға қарай бағытталған

  • @МырзажамалЕсимбекова

    Өте керемет! Қазағымда осындай азамат болса, қазағымның болашағы өте зор!!!🤲

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  Месяц назад

      Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет!

  • @мирпрекрасно
    @мирпрекрасно 2 месяца назад +16

    Жасым 35-те. Жастық шағым мүлгіген тыныштықта өткеніне өкінемін. Бірақ іштей бірдеңе қопарылу керек екенін түсінетінмін. Ол кезде ешқандай ақпарат та жылт етіп шықпады ма, іштей ғана бірнәрсені құрбыңмен сараптап қана қоя салатынсың. Неге екенін білмеймін, декретте отырғанда бір балама сен ғалым боласың деп айта беретінмін.
    Қазіргі қоғамда оқушылардың тағдырына алаңдайсың: білімге, кітапқа қызықпаса, болашақта не болады екен деп...
    Бірақ осы сұхбаттан соң мен алаңдауды тоқтатқан сияқтымын: менің балаларымды Санжар Керімбайдай ағаларымыздың кітаптары құтқарады екен ғой. Аллаға тәубә деп отырмын... Балаларымыз Логотерапия, Яссауи феномені кітаптарын оқып, танымы кеңейіп, жаңа заман пайда болатындай сезім пайда болды. Аллаға тәубә...

  • @_akyn_kyz
    @_akyn_kyz 2 месяца назад +13

    Мына подкасттан соң надандықтың не екенін түсіндім. Әр секундымыздың құнды екенін ұмытып кетіп жатамыз.
    Расымен 21 ғасыр тек өзіміздің жан рахатымызды ойлайтын заман болды ғой, елге,адамға деген жан ашуымыз жоқ,әрекетіміз жоқ. Диванда отырған батырлармыз😢
    Алла разы болсын осындай ағартушыларымызға❤көбейе берсін. Бәріміз бірге оянсақ екен😍Әркім өзінен бастап. Әр секундмыздың қадіріне жетейік. Жақсы күндер көп болсын.

  • @ErzhanKamraddinov
    @ErzhanKamraddinov 2 месяца назад +13

    Санжар аға нағы Алладан берілген талантыңыз елге қызмет ете берсін.Кремет!

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  2 месяца назад +1

      Жылы лебізіңізге көп рахмет❤

  • @guljamalkempirbaeva695
    @guljamalkempirbaeva695 2 месяца назад +3

    Сәлем Жанар!Мына подкаст өзінің құндылығымен рухани байытты деп ойлаймын.Санжар мырзаны қудаланып жүргенінде,өзі атап өткен документті фильмдер түсірілген кезінде көрген едім.20-жылдай уақыт өтсе де өз пікірінде қалып,асқар таудай биіктеп оралды ортамызға.Өте қуаныштымын."Жақсыны айтып,жаманды таяп қой"-дейді атам қазақ.Өліп қалсам дегенді айтпай-ақ қойсыншы.Тілерім алла ұзақ ғұмыр сыйласын Санжарға,өз балалары тұрмақ елдің балаларына керек боп тұр тәрбиесі.Сұқбатты тыңдап отырып,балаларымның кейде қоңқылдағаны болмаса ,ұя бұзарлықтары жоқ екеніне тәуба қылдым.Жанар сізге үлкен баға берді сұхбаттың басында,соған лайықтысыз шынында.Екеуіңізге шығармашылықтарыңыз талмасын,жасаған еңбектеріңіз жемісті болсын деймін!

  • @АжарСламова-и5х
    @АжарСламова-и5х Месяц назад +2

    Көөөөөп нәрсе білдім. Рахаттанып тыңдадым. Екінші рет тыңдап отырмын. Бұл подкасты бұрын да тыңдағам. Небір жазып қояйыншы деген ойлар беріп жатыр автор Санжар Керімбай. Өте қою, терең ілім кетіп жатыр. Алып үлгерсек қандай. Көөөөп сұрақтың жауабын тауып отырмын. Ішке көбірек үңіл дегені ұнады. Жаман еркек жер қориды, жаман әйел ер қориды дегені. Мектепте балаларға осындай білімдерді берсе ғой,шіркін. Менде Логотерапия мен "Өркениетті адам" кітабы бар. Екеуін де оқысаң басыңды ала алмай қаласың. Өте, өтеееее керек бізге дәл қазір осы ілім мен білім.

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  Месяц назад

      Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет! Каналыма жазылып, басқа сұхбаттарды да көріңіз🙏

  • @КалияшК
    @КалияшК 2 месяца назад +10

    Мың да бір алғыс! Керемет әңгіме болды!

  • @nurgulkamshybek
    @nurgulkamshybek 2 месяца назад +29

    Қазақ қоғамына баға жетпес байлық,мол рухани қазына сыйлап келе жатқан “Отбасы хрестоматиясы “ жобасына мың алғыс айтамын. Бұл кітаптармен 2018-19 ж. алғаш таныстым. Содан бері тамшыдай болса да насихатшысымын. Өзімнен бастап ,жан -жағым,азын -аулақ аудиторияма насихаттап келем. Қатты ұнайды. Қонаққа барсам,үйге қонақ келсе қуыс үйден құр шықпа,-деп Қисса Сүл Әнбияны сыйға тартам. Қанша рет қайталап оқысам ,сонша рет әртүрлі түсінік берер,сырлы,нұрлы кітап. Ұлы Құранға дейінгі баспалдақ деп білем. Балаларға нағыз рухани іргетас. Кітап оқығанда науқан қуатын тип емеспін. Жүрек ашылған кітапты оқуға,түсінуге,амал етуге тырысамын. Соңғы екі апталықта Мәдени майдан мен Ғылыми майданды оқып,есіміз кете есеңгіреп,үй ішімізбен таңырқап,танысып,бір жылап,бір күліп,рух алып шабыттанып жатырмыз. 5-7 жастағысы Қаныш атасының атымен танысып,одан үлкендері ісі мен ішін ақтара оқып,талқылауда. Мааам,Ботаникалық саябаққа енді барсақ,басқаша қабылдаймыз. Әр өсімдігін аялап,топырағын қопсытып,су құйғым кеп кетті деп айтып қалды. Тұтас дәуір тұлғалары санамызда сайрап ,ұстаздық етіп,бағдаршам боп тұр. Алла Тағала баршаңыздан разыыыы болсын!

  • @КуандыкАбдугалиев
    @КуандыкАбдугалиев 2 месяца назад +43

    Санжар Керімбай әңгімелері жағымды өте білімді азамат .

  • @Айгуль-к1у
    @Айгуль-к1у 24 дня назад +1

    Керемет сұқбат болды,мен ылғи тыңдап жүрем,коп рахмет

    • @janar_baisemiz
      @janar_baisemiz  23 дня назад

      Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏